«Ер есімі – ел есінде»

  Биыл Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 75 жыл толады.

1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни

 1418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғынға елімізден аттанғандардың ішінен 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының   Батыры атанған болатын,  оның  100-ден астамы — қазақтар.

«Ер есімі – ел есінде» — демекші бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. 9 Мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы, табандылығы. Осы күнді мәңгілік есте сақтау–біздің парызымыз.
Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Адамдар үшін қашанда Жеңістің құны қымбат!

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл уақыт өтті. Қанды қырғынды өз көзімен көріп, от кешкен кешегі солдаттар, бүгінгі ардагерлер қатары күннен күнге сиреуде.

Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

 Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *