Психологиялық тренинг. «Қорқынышыңды жеңе біл!»

Кәсіптік пәндердің циклдік 10 күндік іс-шарасы аясында 10.03.2020 жылы колледж студенттеріне  «Қорқынышыңды жеңе біл!» атты психологиялық тренинг өтті. Тренинг мақсаты: колледж студенттерінің бойындағы мазасыздану деңгейін төмендетіп, сергітіп, үрейді жеңуге көмек беру. Тренингті әдіскер-психолог Игибаева Анаргуль Умерхановна өткізді.  Тренинг барысында әңгімелесу, психологиялық жаттығу,  психологиялық тестілеу, Джекобсон релаксациялық гимнастикасы,  белсенді визуализация қолданылды. Қосымша «Орын ауыстыру», «Сиқырлы жазу», «Сурдо-аудармашы», «Бұзық телефон» «Орманда» атты аутогенді жаттығулары жүргізілді.

Бұл жаттығулардың  ішінде ең жақсы, әрі әрбір спортшы білуі тиіс жаттығу – Джекобсон релаксациялық гимнастикасын атап айту керек. Э.Джекобсон американдық дәрігер, психиатр, физиолог. Осы төмендегі  жаттығуды ұсынған:

Бұл техниканы орындауға 2 мин уақыт кетеді. Күніне екі мезгіл 5 секундтан  істеу қажет. Бұл жаттығуды күніге істеп жүрсеңіз  сіз бойыңыздағы мазасыздық, үрей, қорқыныш күйіңізді төмендетесіз.

Ол үшін:

1. Орындықтың арқасына арқаңызды тигізіп, тік отырыңыз. Аяғыңыз жерге нық тиіп тұруы қажет. Қолдарыңыз тізеңіздің үстінде тұрады.

2. Жаттығуды көзді жұмып істеуге де болады.

3. Білек бұлшықеттерінен бастаймыз. Асықпай 5-ке дейін ішіңізден санап, бұлшықеттеріңізге қысым салмақ беріңіз. Санаған сайын қысымды ұлғайта беріңіз.

4. 5-ке дейін санап болған соң бірден босатыңыз қысымнан. Сіз бірден қысым салған жердің рахаттанып қалғанын сезесіз.

5. Енді жаттығуды қайталаймыз. Бірақ бұл жерде тек білек бұлшықеттерін ғана емес иық жаққа да қысым түсіресіз.

6. Одан соң иық бұлшықеттерін толық қосып қысым бересіз. Соңында қол бұлшықеттері мен арқа бұлшықеттерін толық қосып қысым бересіз де, 5 сек. босатасыз.

Осы жаттығуды жасап үйренген соң аяқ, іш бұлшықеттеріне де жасап көруіңізге болады. Жасау барысында міндетті түрде тік отыруды ұмытпау қажет. 

 Тренинг керемет «Есек пен құдық туралы» деп аталатын тәлімдік әңгімемен қорытындыланды:

«Бір күні диханшының есегі құдыққа түсіп кетіпті. Жүгіріп келіп қараса құдық әбден түбі кеуіп кеткен екен. Содан оның ойына өзінше «керемет идея» келеді. Құдық кеуіп кеткен, есекте қартайған. Жаңа есек алу керек. Оданда оны есекпен бірге көме салайын, бәрі бір шығара алмаймын деп шешіп, көрші ер адамдарды шақырады. Барлығы бірге есектің ақырған  даусына мән бермей  топырақ лақтырып көме бастайды. Бір уақытта есектің үні шықпай қалады. Үні неге шықпай қалғанына барлығына қызық болып, құдыққа үңіліп қараса, есек арқасына түскен топырақты қағып аяғының астына түсіріп, таптап үстіне мініп тұр екен. Сөйтіп адамдар топырақты лақтырып-лақтырып, ақыры есек жоғарыға дейін жетіп босап шығыпты.

Өмір адамға жағымсыз сәттерді осылай етіп жіберіп отырады. Айқайлап, жылап, ыңылдап, «өмір әділетсіз, жаман»,-деп отыра беруге болады немесе  басыңа түскен мәселені  есектің арқасына түскен топырақтай қағып аяқ астына түсіріп, оны таптап жоғарыға  көтерілуге болады. Ең бастысы қарап отыруға болмайды». 

Қатысушылар әсері оңынан болды. Өз лебіздерін, ұсыныстарын кері байланыс парақшаларына қалдырып, тарасты. Бұл тренинг көп жағдайда студенттер  үшін кернеуден босаңсуға, бір-бірімен жақындаса түсуге септігін тигізеді. Осы мақсатта мұндай жұмыстар оқу-әдістемелік жұмыстарда етек жаюын қатты керек ететіндігі айқындалды. Алдағы уақытта мұндай тренингтер жалғасын таппақ.

«COVID-19 пандемия жағдайында дүрбелең күй және стресспен күресу: психолог кеңесі»

08.04.2020 жылы  Республикалық ғылыми ақпараттық спорт басылымы «Жас талант» газетіне «COVID-19 пандемия жағдайында дүрбелең күй және стресспен күресу: психолог кеңесі» атты тақырыпта мақала берілді. Бұл ағымдағы жағдайға орай психологиялық кеңестерден құралған, халықты сабырлылыққа шақыру мақсатында республикалық спорт колледжі психологы Игибаева Анаргуль Умерхановнаның ұсынған жазбасы.

COVID-19 пандемия жағдайында дүрбелең күй және стресспен күресу: психолог кеңесі

Әлемде жарияланған  COVID-19пандемия жағдайы халықтың түрлі эмоцияларын тудыруда. Көп жағдайда жағымсыз күй тудырып,  жұқтырып алмау, қауіпсіздікте қалу және өз денсаулығын сақтау туралы ойлануға мәжбүр етеді. Әрқайсымыз осындай ойларға алаңдаушылық білдіруіміздің кесірінен үрейлену, мазасыздану, стресске түсу өз ауқымын кеңейтуде.  Ал, ол өз кезегінде жаныңыздағы жақын адамдарыңыз, балаларыңызға әсер етуде. Сол себепті сіздерге төмендегідей кеңестерді ұсынамыз:

  • Егер сіз  көңілсіздік, стресс, дағдарыстық кезеңінде мазасыздық,  қорқыныш сезініп, бойыңызды үрей   билеген болса – бұл бірқалыпты жағдай (норма). Сізге сенімді адамдармен араласып отыру жеңілдік береді. Достарыңызбен және отбасы мүшелерімен әңгімелесіңіз.
  • Егер сізге үйде отыруға тура келген жағдайда, салауатты өмір салтын ұмытпаңыз: дұрыс тамақтану, ұйқы тәртібі, дене жаттығулары және үйдегі жақын адамдарыңызбен араласып, туыстарыңыз және достарыңызбен телефон немесе электронды пошта арқылы байланысып тұрған абзал.
  • Өз эмоцияңызды басу үшін темекі тартпаңыз және ішімдік немесе басқа да психоактивті заттарды қолданбаңыз. Егер бұл күй бойыңызды жауласа, медициналық немесе психологиялық көмекке жүгініңіз. Қайда және қалай хабарласуға болатынын алдын ала біліп алыңыз.
  • Хабардар болыңыз! Ақылға қонымды   қауіпсіздік шараларын және қандай қауіп барын дұрыс анықтап беретін ақпараттармен таныс болыңыз. Құзіретті ақпарат беру көздерін ғана пайдаланыңыз: мысалы, ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) веб-сайттары немесе жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау органы.
  • Егер сізді немесе сіздің отбасы мүшелерін БАҚ-та репортаждар мазаласа және  алаңдатса, ондай жағдайда оларды қарауға немесе  тыңдауға аз уақыт бөліңіз.
  • Басыңыздан өткен қиын өмірлік жағдайлардағы тәжірибеңізге жүгініңіз: мүмкін, кейбір әрекеттеріңіз қазіргі инфекцияның өршуі жағдайында эмоцияңызды қолда ұстауға көмектесіп қалуы ықтимал.

Ағымдағы жағдайда әсіресе экономикалық және саяси оқиғалар аясында оң көңіл-күйді сақтау өте қиын. Алайда, егер адам дағдарыстық жағдайда өз ойларын тек жоғалтулар мен айырылып қалған дүниелерін ғана ойлай беретін болса, онда олар көбейетін болады. Егер бұндай жағдайда позитивті,оң  нәрсе табу қиын болса, онда келесі түрде пайымдауға тырысыңыз: орын алған жағдайдан немесе туындаған мәселеден  не аламын? Кез-келген туындаған мәселе бір дүниеге мүмкіндік бермек. Мәселен:

Қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырды ма? — Бұл үйде көп уақыт өткізуге және отбасын жайластырып, үй жайлылығына арнауға мүмкіндік.

Баланы  қашықтықтан оқуға жіберді ме? — Бұл балаңызбен  көп уақыт өткізуге мүмкіндік.

Ауырып қалу қаупі немесе жалпы денсаулығыңыз алаңдатады ма? — Бұл сізге жоспардан тыс медициналық тексеруден өтуге және өз ағзаңызда кейбір ауруларды алдын алуды ұйымдастыруға мүмкіндік.

Жағымсыз ойлардың энергиясы сіздің өміріңізде қиындықтарды көбейтеді.  Осыған орай жалпы дүрбелең шабуылдарға жол бермеңіз. Бұл қоғамдық әрекеттің тізбекті реакциясы. Қарапайым мысал келтіре кетсек: көшеде иттің біреуі үрсе, барлығы бірінен соң бірі «қолдау көрсетіп» үре бастайды.  Сол сияқты бұл адамда да кездеседі.

Адам-әлеуметтік тіршілік иесі. Белгісіз, мазасыз жағдайларда басқа адамдардың жүріс-тұрыс стратегияларын бейсаналық түрде көшіреді. Мәселен, «барлығы жүгіріп бара жатыр менде жүгіруім керек», «барлығы қарақұмық сатып алып жатыр екен, менде сатып алуым керек» деген сияқты реакция. Ал, не үшін? Өйткені барлығы солай істеді. Бұл жерде тобырлық психология ойнап кетті. Абай атамыз айтқандай «Тобырда ақыл жоқ».

Бірақ біз адамзат өкілі ретінде оны бақылауда ұстай аламыз. Біз саналы тіршілік иесіміз. Сол себепті кез келген жағдай өткінші екендігін ұмытпайық. Барлығы уақытша! Ең бастысы ағымдағы жағдайда шыдамдылық пен сабырлылық танытып, жұмыстарыңызды және отбасыңыздың тұрмысын барынша ыңғайлап алған жөн.

РМҚК «Республикалық спорт колледжі» психологы

 Игибаева Анаргуль Умерхановна

Онлайн-семинар «Стресс және одан арылу жолдары»

22.04.2020 жылы «Стресс және одан арылу жолдары» атты тақырыпта колледж және мектеп оқытушылары, жаттықтырушылары мен қызметкерлеріне арналған онлайн-семинар YouTube жеке каналы  арқылы таратылды.

Мақсаты:

  • стресс туралы түсінік беру;
  • стресстің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру;
  • тренинг жаттығулары арқылы стресстен шығу жолдарын көрсету.

YouTube каналы:

1-бөлім

2-бөлім

Онлайн-семинар «COVID-19 пандемия жағдайында психологиялық қолдау»

2020 жылдың 15 сәуір күні сағат 15.00.-де республикалық спорт колледжі психологы Игибаева Анаргуль Умерхановна  ZOOM қосымшасы көмегімен «COVID-19 пандемия жағдайында психологиялық қолдау» атты  онлайн-семинар өткізді. Мақсаты: ағымдағы жағдайға байланысты колледж қызметкерлері, оқытушылары мен жаттықтырушыларына психологиялық қолдау көрсету.

YouТube канал :       

1-бөлім

2-бөлім

3-бөлім

Оффлайн-семинар «Тұлғаны зерттеуде проективті әдістерді қолдану»

       12.04.2020 жылы  «Тұлғаны зерттеуде  проективті әдістерді қолдану» атты тақырыпта оффлайн-семинар өткізілді. Семинар мақсаты: мұғалімдерге проективті тесттердің маңыздылығын түсіндіре отырып, пайдалануға үйрету.

YouТube канал :

1-бөлім

2-бөлім

Кәсіптік бағдар беру

   2020 оқу жылының  06.05 күні Республикалық спорт колледжі студенттерімен  «Кәсіптік бағдар беру» жоспары бойынша  жоғарғы оқу орындары өкілдерімен онлайн кездесу конференциясы  ұйымдастырылды. Шараға  колледждің 3-курс студенттері мен оқытушылары қатысты. Қазақтың спорт және туризм академиясынан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен келген оқытушылар,  студенттермен қабылдау емтиханы, оның биылғы  ерекшеліктері туралы және оқу орындарының  жетістіктерімен, жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталған оқу кабинеттерімен, жоспарларымен  таныстырды. Шара жоспар бойынша жүргізіліп, жоғары оқу орындары дайындайтын мамандық түрлері бойынша студенттерге презентациялап толық ақпарат берді. Кездесуде студенттер сұрақтар қойып, өздерінің қызығушылықтарын білдірді.